Электр желілерін модернизациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Электр желілерін модернизациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Сурет: ашық дереккөз

Электр желілерін модернизациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарында 65 шақырым электр желісі мен 39 трансформаторлық подстанция ауыстырылып, жөнделді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Айту керек, бүгінгі таңда ауданда 214 жеке трансформаторлық подстанция бар, олар «АЖК» акционерлік қоғамының  балансына берілуіне қарай жаңғыртылатын болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 54 көшеде сыртқы жарықтандыру құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда Тастыбұлақ және Таужолы шағын аудандарындағы 10 көше жарықтандырылды. Қалған көшелер бойынша жұмыстар осы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде. Осылайша Наурызбай ауданындағы жарықтандырылмаған көше мәселесі толығымен шешілмек.