Берлиннің мэрі (бургомистрі) алғаш рет әйел адам болмақ

Берлиннің мэрі (бургомистрі) алғаш рет әйел адам болмақ
Сурет: Rossaprimavera.ru

Германиядағы сайлаудың экзит-пол нәтижесі бойынша, Социал-демократиялық партия көш бастап тұр

Германияның Социал-демократиялық партиясының атынан ұсынылған үміткер Франциска Гифай Берлин мэрі (бургомистрі) лауазымындағы алғашқы әйел болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап. 
Мұндай дерек сайлаудың алдын ала мәліметтерінде айтылған. Оның нәтижесі бойынша, Германия астанасында ГСДП жеңіске жеткен. 
Гифайды Германияның Социал-демократиялық партиясының Германиядағы бөлімі Берлин Өкілдер палатасына және бургомистрлерге кандидат ретінде сайлауалды тізімде көшбасшы етіп ұсынды. Қазіргі уақытта Берлинде бургомистр қызметін басқа танымал социал-демократ Михаэль Мюллер атқаруда. 
Франциска Гифай Германияның Отбасы, қарт азаматтар, әйелдер және жастар істері бойынша министр қызметінде болған, бірақ өзінің ғылыми дәрежесі төңірегінде болған дау-дамайға байланысты отставкаға кетуге өтініш берген.