Алматы қаласының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көше жөнделеді

Алматы қаласының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көше жөнделеді
Сурет: ашық дереккөз

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандық маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөнделуі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

"Наурызбай ауданының барлық шағын аудандарында жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың м2 жол жөнделді. Жыл соңына дейін 130 көшені қамтитын тағы 25 мың м2 жолды жөндеу жоспарлануда", - деді әкім. 

Сонымен қатар, қалалық  мобилділік  басқармасы шілде айында Ақжар  және Шұғыла ш / а 10 көше бойынша 6,5 шақырым жол салуды бастады.  10 көшеде 6,9 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін ұзындығы 7 км болатын тағы 6 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Еске салсақ, биыл Алматыда ұзындығы 200 км болатын 230 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарлануда, оның ішінде 73 км Наурызбай және Алатау аудандарында орналасқан. 215 көше аудандық маңызы бар көшелер болып табылады. Алғабас, Теректі, Томирис, Қарасу, Ақбұлақ, Зерделі, Шапағат, Шұғыла, Таусамалы, Қалқаман, Рахат, Жас Қанат шағын аудандарына ерекше көңіл бөлінді.