Елдің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауады

Елдің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 15-і күнгі күні райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ағындардың өтуімен бұрынғысынша еліміздің көп бөлігінде күн жаңбырлы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Елдің оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.