Машина жасаушылардың форумы да өткізілмейтін болды

Машина жасаушылардың форумы да өткізілмейтін болды
Сурет: интернеттен

Бұдан бұрын Астана форумының өтпейтінін хабарлағанбыз.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2024 жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы өтпейтін болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

" Форум елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты 2025 жылға ауыстырылатын болды. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды" деген ақпарат таратты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.