Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ, ҚР Құрметті журналисі: ЖУРНАЛИСТИКА – БҰЛ ӨМІР!

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ, ҚР Құрметті журналисі:  ЖУРНАЛИСТИКА – БҰЛ ӨМІР!
Сурет: Spice-media.ru

Журналистика – қоғамның айнасы, жақұт көзі және тілі, елдің жүрегі. Қастерлі мамандық тарихы тереңде. Ежелгі Мысырда папирус парағына ақпарат жазылған. Ал көне Римде хабарландырулар тақтайшалар ілінген екен. Осылайша ақпаратшылар легі шыға бастапты.

Шерхан Мұртаза, Шерағаң «Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» депті. Тегі рас сөз!

Егер ит адамды қапса, жаңалық емес. Ал адам итті қапса, онда сенсация. Үнемі ойланып жүресің. Ылғи ақпарат көздерін назарда ұстайсың. Соңында мақаланы баспаға беріп, нәтижесін көргенде бір марқаямыз. Міне, бұл - тілшілер қауымының жетістігі. Әр газет, сайт, телеарнаның өзіндік асханасы болады. Журналист ғаламда біреу ғана. Ол бөлшектенбейді. Дегенмен әркімнің өзіне лайық стилі бар. Онысы жөн. Бізде республикалық  «Жас алаш», «Ақын», қала берді «Дала мен қала», «Заң» газеттерінде қызмет атқардық. Заманның талабына сай сайтты игердік. Негізі бәрі тәжірбиемен жетеді. Сол себепті қаламды қару еткендер зерек болғаны абзал. Сонда ғана нан тауып жеудің жолы айқындалады. Ақша табан астында жатады. Тек соны тере білу керек. Біздер осыларды өмірден үйрендік. Соңымыздан ерген жастарға бағдаршам болар деген ниетпен айтудамыз.