Елде қанша адам банкрот деп танылды?

Елде қанша адам банкрот деп танылды?
Сурет: Info.homsters.kz

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылғанын мәлім етті.

Бұл туралы ол Парламенттік тыңдауда баяндама жасаған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды. Биыл 3 наурыздан бастап 69 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу. Нәтижесінде 8 млрд теңгеден астам борыш сомасына 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды», - деді Е.Жамаубаев.

Оның айтуынша сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгінген. Дегенмен жекелеген борышкерлер кейбір кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін қолдана алмай отыр.