Елде азық-түлік бағасы бір жылда 24,1%-ға қымбаттаған

Елде азық-түлік бағасы бір жылда 24,1%-ға қымбаттаған
Сурет: Egemen.kz

Азық-түлік бағасы өсіп барады. 

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша республика бойынша  азық-түлік тауарлары бір айда 1,8%, бір жылда 24,1%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әсіресе, азық-түліктің өсу динамикасы Ұлытау облысында анық байқалады, өңірдегі жалпы көрсеткіш -  2,4%

Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да баға айтарлықтай өскен. Әр өңірде -  2,2%.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында бірден 31,4%-ға дейін тіркелген.

Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында: әр өңірде 25,8%.

Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркеліпті: «бар болғаны» 22,6%.

Жемістер мен көкөністердің бағасы да шарықтап тұр. Бір жылда 17,4% қымбаттаған. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9%, көкөністер 11%-ға өсті.