Ел ішінде жұмыс іздейтін азаматтар саны күрт азайған

Ел ішінде жұмыс іздейтін азаматтар саны күрт азайған
Сурет: Kk.eyewated.com

Өткен айда электронды еңбек биржасында жарияланған түйіндемелер саны 35 пайызға кеміген.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Зерттеу нәтижесіне сай, жұмыс берушілер тарапынан да жұмысшыларға деген сұраныс 3 пайызға азайып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал ең тапшы мамандар тізімі өзгеріссіз. Қазір елімізге 14 мыңдай білім саласының маманы жетіспейді. Ал денсаулық сақтау саласына дәрігер, мейірбике секілді үш жарым мыңға жуық кадр қажет. Сондай-ақ мың жарымдай жүргізуші, тәрбиеші мен күзетшіге сұраныс бар.