Ел азаматтары енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмауы мүмкін

Ел азаматтары енді жұбайының рұқсатынсыз несие ала алмауы мүмкін
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несие беру заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыру барысында айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қазақстан азаматтарының көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. Адамдар бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта ол отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар, - дейді Нұрлан Әбдірахманов. Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр.