304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты кәдеге жаратқан

304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты кәдеге жаратқан
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

«Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында 304 815 жасөспірім шоттарына түскен қаражатты кәдеге жаратты. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Биыл алғашқы қадам жасалып, 6,9 млн бала 100,52 доллардан алды. Өйткені, Ұлттық қордың кірісі 1,3 млрд долларды құрады. Оның жартысы – 695 млн доллар, осы қаражат бөлінді. 2024 жылы 18 жасқа толған не толатын балалар саны – 304 815. 1 наурызда олар 30 млн 640 мың доллар қаражатты алды. Ұлттық қордың кірісі артқан сайын балаларға төленетін төлем көлемі де ұлғаяды», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сонымен қатар ол балаларға төленетін төлем үнемі 100,52 доллар болмайтындығын айтты.

«Ең жоғары шегін айта алмаймын, көріпкел емеспін. Дегенмен, оның ұлғая түсетіндігіне үміттенеміз», - деді Мәди Такиев.