Странджа -2023. Қоңқабаев кездесуден бас тартты

Странджа -2023. Қоңқабаев кездесуден бас тартты
Сурет: Prosports.kz

Болгария астанасы София қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. 

Жарыстың кезекті күні ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Бірақ Қоңқабаев өзбекстандық Бахадүр Жалоловпен кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бокс жанкүйерлері аса ауыр салмақтағы қос мықтының кездесуін асыға күткен. Бірақ, Қамшыбек белгісіз себептермен шаршы алаңға шықпады.

Сәйкесінше, өзбек боксшысы автоматты түрде жартылай финалға өтті. Бұдан бөлек, тағы қос спортшымыз ширек финалда өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді. Орта салмақтағы Темірхан Тезек Бехзод Хамидовтан жеңілсе, ауыр салмақтағы Бекзат Танатар Шохжахон Абдуллаевқа жол берді. Жеңіл салмақтағы жерлесіміз Ернұр Қайрат та грузиялық боксшыдан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Ал, ұзақ үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралған  Бекзат Нұрдәулетов өз бабында екенін дәлелдеп, алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Айта кететіні, ол Токио Олимпиадасынан кейін, яғни, араға 1 жарым жыл салып жұдырықтасып тұр.

София қаласындағы Странджа кубогының жалпы қорытындысы 26 ақпанда белгілі болады.