Елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар

Елде 1 миллион 180 мың адамның берешегі бар
Сурет: Fingramota.kz

Қарызы бар адамдар жайлы бұл мәліметті қаржы вице-министрі Ержан Біржанов келтірді. 

3 наурыздан банкорттыққа өтініш қабылдау  басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қарыз сомасы: 1 триллион 100 миллиард теңге.

«Алайда барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін. Өйткені, «банкрот» деп танылған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Оған қоса, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды. Сонымен бірге, азаматтың банкроттықтан кейін үш жыл бойы қаржылық жағдайы тексеріліп отырады. Бұдан бөлек, банкроттық бюджетке де кері әсерін тигізеді», - деді ведомство өкілі.