Шымкенттегі қарттар үйінде қариялардың үйлену тойы болды

Шымкенттегі қарттар үйінде қариялардың үйлену тойы болды
Сурет: Aikyn.kz

Әркімнің өз өмірі бар.

Шымкенттегі қарттар үйінде той болды. Осы үйде тұратын қарттар үйленіп, той жасады, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz сілтеме жасап. 

Қарттар сол жерде танысқан екен. Ер адам қарттар үйіне 2012 жылы келген. Ол балаларына салмақ салмайын деп осындай шешім қабылдаған. Сөйтіп, зейнетақысын немерелеріне беріп, көмектесіп тұрады. Қарияның жақындарына деген өкпесі жоқ, тек олардың жиірек телефон шалғанын қалайды.

«Көрген кезден-ақ «бірге тұрайық» дедім. Әрине, бірден келіспеді, өзі таңданып қалды.  Алған бетімнен қайтпайтын жанмын. Ойға алғанымды іске асырдым. Қазір қасымда, бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. Басқа не қалды? Бірге өмір сүріп, бір-бірімізді құрметтейміз.  Кейде балаларыма барып тұрамын, немерелерім көп. Балам келіп тұрады. Ешкімге ренжімеймін, әркімнің өз өмірі бар», – дейді ер адам.