Алматыда EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Алматыда EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Осыған байланысты ҚМА қазақстандықтарды сақ болуға және ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Алматыда инвестиция саласындағы маркетинг компаниясы ретінде жұмыс істеген тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

«Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған. Алдын ала келісім (сөз байласу) бойынша бір топ адамның үстінен қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

ҚМА EDEN LIFE қаржы пирамидасынан зардап шеккен тұрғындарды  Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментіне (Жібек жолы даңғылы, 127) хабарласуды сұрайды: 8-747-592-43-24, 8-701-858-67-67, 8-747-582-00-82