Ел құрамасы гандболдан әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтті
Гандболдан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында негізгі кезеңге өтті
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Испанияда 2021 жылы өтіп жатқан әлем чемпионатының бастапқы кезеңіндегі үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Иран құрамасын 31:25 есебімен ұтты.
Әлем чемпионаты 2021. Әйелдер
Қазақстан – Иран – 31:25 (14:10, 17:15)
Осылайша қазақстандық әйелдер топта үшінші орын алып, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне өтті.
Негізгі кезеңде Қазақстан D тобындағы үш команда – Германия, Венгрия және Чехиямен ойнайды. Матчтар 9, 11 және 13 желтоқсанда өтеді.