Covid-19: әлемдік жағдай

Covid-19: әлемдік жағдай
Сурет: Gazeta.ru

Әлемді әбігерге түсіріп жатқан «омикрон» көршілес Ресейге де жетті.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналы  ковидтік әлемнің жағдайына шолу жасайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оңтүстік Африка ауруханаларын науқастардың көп түсуіне байланысты алдын ала дайындауда, себебі «омикрон» елде COVID-19 инфекциясының төртінші толқынын тудырды. Оңтүстік Африкада вирус жұқтырудың күнделікті көрсеткіші дүйсенбідегі 2.3 мың жағдайдан жұма күні 16 мыңнан астам жағдайға дейін өсті. Президент Сирил Рамафоса халықты коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуге шақырды.

Мальдивте «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Инфекция 27 қарашада Оңтүстік Африкадан келген туристе расталды. Жаңа штамның таралу қаупіне байланысты Мальдив Үкіметі шетелдіктерге Зимбабве, Намибия, Маврикий, Мозамбик, Лесото, Ботсвана, Эсватини және Оңтүстік Африкадан елге кіруге тыйым салды.

Литвада Рождествоға дейін COVID-ке қарсы вакцинацияланған зейнеткерлерге 100 евро төленеді. Ақшаны 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін егілген 75 жастан асқан қарт адамдар алады. Критерий бойынша Литваның 93 мың тұрғыны кіреді. Төлем алу үшін арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.