Еліміздің 11 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңіріне дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Kaztag.kz

Жел тұрып, тұман түседі.

«Қазгидромет» 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде таңертең және түнде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл түрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында 17-22 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, орталығында, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласы күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың солтүстік бөлігінде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі деп күтілуде.

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.