Қазақстандықтардың орташа жасы 31-ден асты

Қазақстандықтардың орташа жасы 31-ден асты
Сурет:Massaget.kz

Бұдан бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдағанын хабарлағанбыз.

Президентке  санақ  нәтижесін баяндаған Асқар Маминнің мәліметі бойынша, Қазақстан халқының орташа жасы 31,94 жас деп көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адамға жеткен. Отандастарымыздың 48,71%-і – ерлер, 51,29%-і әйелдер.

Қазақстан халқының орташа жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97%-і – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72%-і – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18%-ке жеткен.

Халықтың 59,05%-і, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде халық санағы үшінші рет өткізілді. 1 қыркүйекте басталған биылғы санақтың ерекшелігі – шарада алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылады.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-і өткенін, жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесінде шығады деп жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысы жарияланады.