Еліміз ауған босқындарын қабылдамайды

Еліміз ауған босқындарын қабылдамайды
Сурет: Іz.ru

Қазақстанда шетелдің әскери базасы да орналастырылмайды.

Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының бітімгерлері Ауғанстандағы ахуалды реттеуге атсалысатынын айтты.

«Енді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы әрі бітімгері қызметі пайда болады», - деді Президент.

Ол соғыс оты шарпыған аймақтарға барып, күрмеулі мәселелермен айналысады.

«Ауғанстанның жаңа билігімен іс-қимылдарды үйлестіру және ықпалдастықты қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдауды ұсынамын. Жаңа ауған билігінің шекаралас мемлекеттер мен аймақтарға терроризм қаупінің таралмауына жол бермеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы – біздің айқын басымдығымыз. Бұл есірткі тасымалы мен заңсыз көшуге қатысты. Олармен күрес барлық мүдделі тараптардың ұжымдық күш-жігерін талап етеді. Жиында Ауғанстанның жаңа билігімен сауда-экономикалық қатынасты жандандыру мәселесі де қаралды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы сын-қатерлерді алдын алу бойынша нақты шаралар қабылданды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.