Киноны міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талап етіледі

Киноны міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талап етіледі
Сурет: Еdusteps.com.ua

Заң жобасына түзетулер міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге бағытталған.

Мәдениет және спорт министрлігі Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында «Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Сондай-ақ, сөздердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, олардың дұрыс құрастырылуы мен айтылуын қамтамасыз ету үшін тиісті нормалар қабылданды.

 Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды.

Заң жобасы Үкіметте биыл қазан айында қаралады. Содан кейін ол желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберіледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы заңды қабылдау жоспарланып отыр.