Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 149 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 149 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сурет: Astanatv.kz

"Ғарыш Сапары Ұлттық компаниясы" АҚ ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 7 қарашадағы жағдай бойынша 5552 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 3831-і немесе 70%-ы жойылды.

Экология, полиция департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын түгендеу және анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар апта сайын жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлінің мәліметінше, барлығы 4632 рет тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіліп, қоқысты шығару мен жоюға бейнебақылау күшейтілді.

Бүгінгі таңда қоқыстарды жою бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қызылорда облысында, Абай облысында және Шымкент, Алматы қалаларында байқалады, бұл ретте Маңғыстау облысында, Ұлытау облысында және Астана қаласында төмен көрсеткіштер байқалады.

Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу және залалсыздандыру бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жалпы сомасы 16,4 млн теңгеге 149 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы алғанда, соңғы үш жылда анықталған рұқсат етілмеген полигондар санының төмендеу үрдісі байқалды. Мәселен, 2020 жылы – 8884 жойылған 5823 үйінді, 2021 жылы-7328, жойылған 6740 үйінді, 2022 жылы – 5683 жойылған 4331 үйінді жойылды.