«Сары» аймақта Солтүстік қана қалды

«Сары» аймақта Солтүстік қана қалды
Сурет: Lada.kz

Еліміздің басқа өңірінің бәрі түгелімен «жасыл» аймақта тұр.

2022 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ.

«Сары» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана тұр.

«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.