Экологияны жақсарту үшін электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет

Экологияны жақсарту үшін электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет
Сурет: Akorda.kz

Президент Алматының экологиялық ахуалын жақсарту үшін қаладағы көлік қозғалысын реттеп, электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту қажет деп санайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылдың соңына дейін қаладағы қоғамдық көлік саласы толықтай экологиялық стандартқа көшірілетінін баяндады.

Бұдан бөлек, қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың электромобильге деген сұранысын арттыру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.