Екі облыста жол жабылды

Екі облыста жол жабылды
Сурет: ашық дереккөз

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында – 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

  • «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.