Қос премьер кездесті

Қос премьер кездесті
Сурет: Egemen.kz

Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті.

Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty 2023» халықаралық цифрлық форумның екінші күні  Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустинмен кездесуімен басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесуде өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскені айтылды.

Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды. Бұған қоса, құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр.

«Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы бауырластық пен достық, сондай-ақ стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайту Мәскеу үшін абсолютті басымдық болып табылады», - деді Михаил Мишустин.

Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара сауда табысты дамып келеді, көрсеткіш 10 пайызға  өсіп, 25,5 млрд долларға жетті.