Дзюдошы Дидар Хамза отау тікті

Дзюдошы Дидар Хамза отау тікті
Сурет: Instagram

Ол жуырда спорттық мансабын аяқтайтынын айтқан болатын

Дзюдодан Азия Ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза шаңырақ көтерді. Белгілі спортшының таңдауы Кәмила есімді аруға түскен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Татами шеберінің тойы Түркістан облысындағы мейрамханалардың бірінде өтті. Бұл туралы спортшының жақын таныстары әлеуметтік желіде көптеген жазба жариялады.

Дидар Хамза Рио және Токио олимпидасына қатысушы. Ол алғаш рет жастар арасында әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Кейін ересектер құрамасына ауысып, Рио олимпиадасына санаулы күндер қалғанда жолдамаға ие болған еді. 

2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Ташкентте жалауы желбіреген Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Көптеген Гранд Слэм, Гран при жарыстарында жүлде иеленді. Ол биыл Катарда өткен әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.