Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде алты медаль ұтты

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде алты медаль ұтты
Сурет: Inform.kz

2 алтын, 1 күміс, 3 қола.

Хорватияның Загреб қаласында өткен Еуропа кубогін дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы  осындай нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ел құрамасы Еуропа ашық кубогінде  жүлдеге ие болып, медаль кестесінде бесінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпаздары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) ел қоржынына үш қола жүлдені салды.

Аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады.