Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Prix Portugal» турниріне дайындығын бастап кетті

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Prix Portugal» турниріне дайындығын бастап кетті
Сурет: ашық дереккөз

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Prix Portugal» турниріне дайындығын бастап кетті. Олар Австрияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оқу-жаттығу жиыны Австрияның Миттерзиль қаласында 15 қаңтарға дейін жалғасады. Оған құрама сапынан 6 спортшы қатысып, шеберлігін шыңдауда.

Ал әйелдер құрамасында Абиба Әбужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) бар.

Айта кетсек, Португалияның Одивелаш қаласында 26-28 қаңтар аралығында дзюдодан «Grand Prix Portugal» турнирі өтеді.

Сондай-ақ, аталған турнирде еліміздің ерлер құрамасы сапында Дәурен Сүйкенов (60 келі), Ержан Еренқайыпов (60 келі), Жанарыс Рахметқали (66 келі), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Дархан Қойбағар (73 келі), Мәди Амангелді (81 келі), Айдар Арапов (90 келі), Құдырет Досымов (90 келі), Ислам Бозбаев (100 келі), Әділет Сапарғалиев (100 келі), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.