Джеки де 70-ке толды

Джеки де 70-ке толды
Сурет: Димаштың әлеуметтік желісінен

7 сәуірде жекпе-жек шебері, режиссер, продюсер Джеки Чан 70 жасқа толды. 

Актер 8 сәуірде ол Instagram парақшасында фотосуреттер мен ұзақ жазбалар жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Желідегі жазба 1 миллионнан астам лүпіл жинады.

“Бұл санды естіген сайын бір секунд ойланып таңғаламын. Шынымен жетпіс жастамын ба? Таңданғаннан кейінгі келетін екінші ой, үлкен ағам Саммо Хунгтың “қартаю – бақыт” деп айтқаны. Әсіресе, экшн-фильмдер түсіретіндер мұндай сәттіліктің қаншалықты сирек болатынын біледі", - деп бөлісті актер.

Мерейтой иесі ескі фотосуреттерімен де бөлісті.

"Бұл суреттерге қараған кезде жүрегім көптеген сезімге бөленеді. Бір сөзбен білдіретін болсам, “мен өз жұмысымды жақсы көремін", – деп қосты ол. 

Өнер иесі жылы лебіздерін білдіріп, құттықтаған баршаға алғысын білдірді.