Дүние жүзінде инфляция қарқыны баяулайды

Дүние жүзінде инфляция қарқыны баяулайды
Сурет: Вankstoday.net

Халықаралық валюта қоры осылай деп болжап отыр.

Қор әлемдік инфляция 2023 жылы 6,6%-ға, 2024 жылы 4,3%-ға дейін төмендейді деген болжам жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Дегенмен инфляция пандемияға дейінгі деңгейден әлдеқайда жоғары деңгейде болады. Жаһандық инфляция 2022 жылғы 8,8%-дан 2023 жылы 6,6%-ға және 2024 жылы 4,3%-ға дейін төмендейді, бұл пандемияға дейінгі 3,5%-дық деңгейден әлі де жоғары», – делінген валюта қоры Facebook-те таратқан ақпаратта.

Қор мәліметінше, 2022 жылғы экономикалық өсімге инфляция, әлемдегі шиеленісті жағдай және Қытайдағы коронавирустың өршуі әсер еткен.