Алматыда егде жастағы ер адам қалты ұрысы боп шықты

Алматыда егде жастағы ер адам қалты ұрысы боп шықты
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы қалта ұрысын қолға түсірді.

Белгілі болғандай, егде жастағы ер адам қалалық қоғамдық көлікте жолаушылардың назарын аудармаған. Бұл оған азаматтардың қалтасынан әмияндар мен телефондарды ептілікпен шығарып алуға ыңғайлы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы облысының тумасы қаланың Алмалы ауданында «жұмыс істеген». Ұрлық Төле би даңғылымен жүретін қоғамдық көліктердің бағыттарында жасалған. Ол соңғы ұрлығын Төле би даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында 201-ші қоғамдық көлікте жасады. Ер адам жолаушының қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Қаскөй ұсталғаннан кейін мобильді құрылғы тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алты қалта ұрлығына қатыстылығы дәлелденді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қаскөйдің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.