Шет елден автокөлік алғанда сақ болыңыз

Шет елден автокөлік алғанда сақ болыңыз
baq.kz

ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде жалған VIN-коды бар 27 автокөлік анықталды

2022 жылдың басынан бастап ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 көлік құралы анықталды, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылы шекарашылар ұқсас бұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтады. Аталған көліктер құзыреті бойынша полиция органдарына берілді.

Шекарадан өту кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін, азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде автокөлік сатып алу кезінде анағұрлым қырағы болу қажет.