Дубайда дүниежүзілік EХРО 2020 көрмесі ашылды

Дубайда дүниежүзілік EХРО 2020 көрмесі ашылды
Сурет: Korrespondent.net

Дубай билігі EХРО 2020 көрмесіне шамамен 7 миллиард доллар жұмсады.

Тамашалауға қойылған 192 елдің көрмесі технология, ғылым мен өнер саласындағы жетістіктер мен жаңалықтарды көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Бұл көрме бұрын COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге қалдырылған болатын. Оны көруге 25 миллион адам келеді деп болжанып отыр.

Әлем тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктеріне ДДСҰ бекіткен COVID-19 вакциналарының бірін толық салдырған жағдайда ғана бара алады. Көрмеге кіру үшін 18 жастан асқан барлық адамдар вакцинаны растайтын құжатты немесе ПТР тестінің теріс нәтижесін ұсынуы қажет.