Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Сурет: almaty-akshamy.kz

Ұлттық банктің 11 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 447,29 теңге, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,93 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 – 452,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 448,7 – 450,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.