Доллар тағы арзандады

Доллар тағы арзандады
Сурет: интернеттен

0,21 теңгеге төмендеген.

Бүгінгі доллар бағамы - 453,19 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,21 теңгеге төмендеп, 453,19 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 453,63 теңгені, сатылымы 455,91 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 452,93 теңгеден сатып алынып, 456,99 теңгеден сатылуда.