Доллар тағы арзандады

Доллар тағы арзандады
Сурет: Zakon.kz

Ақша айырбастау орындарында доллар 455-458,5 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,23 теңгеге төмендеп, 452,37 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 66,69 теңге (-0,51) болды.

Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 489,96 теңге, рубльді 6,36 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 455-458,5 теңгеден, еуро 489-493,5 теңгеден, ресей рублі 6,25-6,5 теңгеден сатылып жатыр.