Доллар қымбаттауда

Доллар қымбаттауда
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,05 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 448,41 теңге. Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 447,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,80 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңге, сатып алу құны – 452 теңге.

Ресей рублі 4,7 – 4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.