Алматыда Көктөбеде Көрісу мерекесі тойланды

Алматыда Көктөбеде Көрісу мерекесі тойланды
Сурет: Қ.Қонысбаев

Алматыда Наурыз мейрамы Көрісу күнін тойлаудан басталды

Мерекелік концерт сахнасында «КешYou», тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айдар Тұрғанбек және «Алашұлы» ұжымы өнер көрсетті. Іс-шараны «Жаңа күн» прологымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Келушілер дәстүр бойынша бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, жақсы тілектер айтты. 

Мереке би және күймен көмкеріліп, барлық қонаққа бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.

Көрісу – Наурыз мейрамымен ұштасып жатқан мерекенің бірі. Бұл күнді халқымыз өкпе-реніштен құтылып, қыстан аман-есен шыққан күн ретінде атап өтеді. Халқымыз көктемге аяқ басқанның құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Бұл күн кешірім күні деп те аталады. Маңғыстау өңірінің жұрты оны Амал мерекесі дейді.