Бостандық ауданында су басатын бес аумақ жойылды

Бостандық ауданында су басатын бес аумақ жойылды
Сурет: ашық дереккөз

Бостандық ауданында былтыр тұрақты су басатын 16 аумақ анықталды. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдың желтоқсан айында су басуға бейім алты аумақта ТЖ желісі бойынша жұмыстар басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазіргі таңда 913 метр арық желісін реконструкциялау және салу есебінен бес учаске жойылған. Наурыз айының соңына дейін Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысында тағы бір аумақ жойылады. Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жөнделеді.