Доллар қымбаттады

Доллар қымбаттады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,91 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 460,15 теңге.

Ұлттық банктің 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 458,04 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 460,03 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 462,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңге, сатып алу құны– 463 теңге.

Ресей рублі 5,07 – 5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.