Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,33 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449,30 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 448,91 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,96 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 451,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңге, сатып алу құны– 453 теңге.

Ресей рублі 4,87 – 4,98 теңге аралығында саудаланып жатыр.