Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді
Сурет: Liter.kz

Күндізгі сауда нәтижесі қандай?

Доллардың орташа сараланған бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 447,31 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы 446,79 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,67 теңгеден сатып алынып, 449,96 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 445,97 теңге, сату – 450,07 теңге.