Доллар бағамы арзандады

Доллар бағамы арзандады
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,88 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kurs.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 тамыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 446,36 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446,1 теңге, сатып алу – 448,7 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 446 теңгеден болса, сатып алу – 450.

Алматыда Ресей рублі 4,61 – 4,83 теңге аралығында саудаланса, Астанада көрші ел валютасы 4,68 – 4,78 теңгеден сатылып жатыр.