Елімізде жол бойында әжетхана жетіспейді

Елімізде жол бойында әжетхана жетіспейді Сурет: Zakon.kz

Жолаушылар мен туристер үшін 300-ге жуық әжетхана жеткіліксіз.


Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kzҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Біз 2018 жылы әжетханалар бойынша тексеру жүргізіп, 500 әжетхана жетіспейтінін анықтадық. Содан бері жанармай құю бекеттерінде және көлдер жағасында 200 әжетхана салынды. Сонымен қатар әжетханаларды күтіп ұстауға субсидия беру енгізілді. Бүгінде тағы 300 салу керек. Бұл –бірлескен жұмыс, себебі «Kazakh Tourism» өздігінен әжетханалар салуға құқығы жоқ. Біздің міндет – әжетхананы қайда салу керегін көрсету және жергілікті атқарушы органдар мен бизнеске көмектесу. Біз –проблемаларды анықтаушы органбыз. Жалпы туризмге 30-дан астам саланың қатысы бар», - деді Қайрат Сәдуақасов.



Сондай-ақ спикер «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының жұмысына қатысты сын айтылатынын жеткізді.



«Турбизнесті қорғау керек, біз Үкіметке туризм саласының үнін жеткізушіміз. Оның ішінде әжетхана мәселесі де бар. Әкімдіктер өңірдің туристік әлеуеті бар ма деген мәселені шешіп алуы керек. Біз әкімдіктерге өңірдегі негізгі туристік маршруттар, жол бойындағы дәретханалар мәселесі және олардың қанша көлемде жетіспейтіні туралы ақпарат бердік. Бүгінде елдегі жанармай құю бекеттерінің 75%-ы жол бойындағы қызмет бойынша ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл жағдайды «ҚазАвтоЖол» компаниясы қадағалайды. Бұл бағытта бірнеше жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келеміз», - дейді спикер.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25