Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Екі спортшы да 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинаған еді

Алматы қаласында шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова рапидтен күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық шахматшы соңғы бәсекеде қытайлық Тань Чжунъи-ге есе жіберді.

Қос спортшы арасындағы бірінші партия тең аяқталды. Ал екінші партияда қытайлық шахматшы жеңісті жұлып алды.

Екі спортшы да 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинаған еді.

Үндістандық Савита Шри үздік үштікке ілікті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын астаналық 8 жастағы шахматшының Латвияның экс-министрін жеңгенін жазған болатынбыз.