Димаштың Алматыда түсірілген жаңа клипі шықты

Димаштың Алматыда түсірілген жаңа клипі шықты
Сурет: dimashnews.com

Сол бейнебаянға пікір жазып, жеңімпаз атанған оқырман 10 күн бойы жоғары сатыда тұрса, арнайы сыйлық алады.

Оған Димаштың 24 мамырда Стамбулда өтетін жеке концертіне екі билет беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Стамбул қаласында Димаш Құдайбергеннің When I’ve got you атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсау кесер рәсімі болды.

Бейнебаян идеясының авторлары – Димаш Құдайберген мен клиптің режиссері Ғалым Асылов. 

Режиссер мен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсері Жәнібек Ғұсмановтың айтуынша, клип Алматыда түсірілді. Бейнебаянға Қытайдан келген 70-тен астам маман шығармашылық топта жұмыс істеді. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, әншінің бүкіл образы жасалды.

Кастинг оңай болған жоқ. Басты кейіпкердің рөліне көптеген актрисалар мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазба үш жерде түсірілді, – деді Ғалым Асылов. 

Клипті Димаш Құдайбергеннің You tube-дегі және басқа да әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады. Сонымен бірге клип dimashnews.com.сайтында жарияланған.

Бейнебаянға пікір жазған оқырманның комментарийі 10 күн бойы жоғары сатыда тұрса, арнайы сыйлық алады. Оған Димаштың 24 мамырда Ыстанбұлда өтетін жеке концертіне екі билет беріледі. Оның ішіне қонақ үйде тұру және ұшу ақысы да кіреді.