Димаш Құдайберген ШЫҰ елдері кинофестивалінің қазылар алқасының құрамына енді

Димаш Құдайберген ШЫҰ елдері кинофестивалінің қазылар алқасының құрамына енді
сурет:twitter

Кинофестиваль Мумбаи қаласында 27-31 қаңтар аралығында өтеді.

Әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайберген Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестиваліне қатысу үшін Үндістанға сапармен барды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған кинофестиваль Мумбаи қаласында 27 қаңтарда басталып, 31 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл іс-шараға Өзбекстан, Түркия, Қазақстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай, Ресей, Әзірбайжан, Мьянма, Армения, Шри-Ланка елдерінің өкілдері қатысып жатыр.

Таратылған мәліметке қарағанда, кинофестиваль барысында ШЫҰ елдерінен 57 фильм ұсынылады. Димаш Құдайберген онда Қазақстан атынан қазылар алқасының құрамында болады.