Демалыс күндеріне белгіленген валюта бағамы

Демалыс күндеріне белгіленген валюта бағамы
Сурет: интернеттен

Соңғы күндері АҚШ валютасы қымбаттап жатыр.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,90 теңгеге көтеріліп, 444,88 теңге болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еуроның орташа сараланған бағамы, керісінше, төмендеп, 495,62 теңге (-2,38) болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,92 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,92 теңге (+0,21) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 446-449 теңге, еуро – 495-499,5 теңге, ресей рублі – 4,79-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.