Әлем және ковид: бесінші толқын, рекордтық өсім, балаларға вакцина...

Әлем және ковид: бесінші толқын, рекордтық өсім, балаларға вакцина...
Сурет: Рixabay.com

Қазақстанда коронавирус жағдайына байланысты эпидахуал әлі де жақсара қойған жоқ. Елдің бір өңірі ғана «жасыл» белдеуде тұр. Шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80% -ы вакцина алуы керек деген талап бар. 

Дүние жүзін дүрліктірген ковид дертінің статистикасы да, өршу қаупі де қорқынышты. Бұдан бұрын Иран мемлекетінің бесінші толқын басталды деп жариялағанын жазғанбыз, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметінше, вирус жұқтырған адамдар саны күн сайын өсуде. 

Солтүстік Македонияда өткен күні 805 коронавирус тасымалдаушысы анықталды. Жұқтырғандар санының артуымен қатар, өлім саны да ұлғайып келеді – 5 552. Эпидемия басталғаннан бері елде COVID-19 індетіне шалдығудың 162 164 жағдайы анықталды, ал республикадағы жалпы халық саны 2 миллионнан сәл асады. Жағдайдың күрт нашарлауы вакцина алмаған азаматтар үшін тамақтану орындарына баруға шектеулер енгізуге әкеп соқтырды.

Литвада да қатаң карантиндік шаралар енгізілді. Жаңа шектеулер 13 қыркүйекке дейін жалғасады, олар COVID-19 вирусына  қарсы вакцинацияланбаған азаматтарға қатысты. Екпе алмаған адамдар үшін карантинді сақтамау 1 500-ден 6000 еуроға дейін айыппұл салуға әкелуі мүмкін. «Мүмкіндіктер паспорты» болмаған жағдайда қорғаныс маскаларын киіп, жабық бөлмелерде 2 метр қашықтықты сақтау керек, ал мекеме басшылығы келушілер мен қызметкерлердің жеке гигиенасына, үй-жайларды жиі желдетуге, жиһаздарды дезинфекциялауға жағдай жасауы керек.

Моңғолияда COVID-19 жұқтырудың 180 мыңнан астам расталған жағдайы тіркелді, - деп хабарлады елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Соңғы 24 сағат ішінде 6 530 ПТР-тестілеу өткізілді, оның ішінде 1 402 оң нәтиже берді. 9 080 пациент медициналық мекемелерде емделуде, 191-і өте ауыр жағдайда, тағы 2 953-і ауыр жағдайда. Жалпыұлттық вакцинация науқанында ересек тұрғындардың кем дегенде 60% - ын егу жоспарлануда.

Австралияда бірнеше күн қатарынан коронавирустық инфекция жұқтыру санының рекордтық өсуі тіркелді. Ел билігі санитарлық шектеулерді күшейтті. Сиднейде локдаунды сақтамағаны үшін айыппұл көлемі көбейтілді. Үйден 5 км-ден астам қашықтыққа себепсіз кетіп қалған тұрғындар 5 мың австралиялық долларға дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бұл 3 мың еуродан астам қаржы. Полицейлермен қатар, мегаполисте 800 әскери қызметкер ережелердің сақталуын бақылайтын болады.

Қытай 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салуды белсенді түрде жүргізіп  жатыр. Коронавирустық вакцинаның 60 миллионнан астам дозасы 12 жастан 17 жасқа дейінгі Қытай жасөспірімдеріне үлестірілді. Бұл туралы ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады. Вакцинация Sinovac және Sinopharm препараттарымен жасалды. Sinopharm фармацевтикалық концерні өзінің вакцинасын үш жастан асқан балаларға сынаудың бірінші кезеңін өткізіп үлгерді және сәбилерге арналған препарат қауіпсіз деп мәлімдеді.

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет 50 жастан асқан тұрғындарды тезірек үдеткіш вакцина жасап, Pfizer-дің үшінші дозасымен вакцинациялауға шақырды. Вакцинация қарқынын тоқтатпау үшін Беннет вакцинация орталықтары шабат діни рәсіміне қарамастан, тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейтінін айтты. Сенбіде діни дәстүрлер бойынша еврейлерге жұмыстан бас тартуға нұсқау беріледі.